№54 Жүсіп Қыдыров атындағы жалпы орта мектебі » №54 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№54 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(724) 3577-7-65
Есепші бөлімі:
+7(7243) 554-3-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №54 Жүсіп Қыдыров атындағы жалпы орта мектебі
11
қараша
2019

№54 Жүсіп Қыдыров атындағы жалпы орта мектебі

  1929 жылы Бесарық  ауылдық Кеңесі құрылып, оған жаңадан ұйымдасқан Кеңес, Октябрь, Ворошилов, Талап, Келінтөбе, колхоздары қараған. Ақмешіт уездік оқу бөлімінің бастығы Нұрманов Жанәбілдің басшылығымен елдегі оқыған азаматтарды пайдаланып,  Бесарық станциясының маңындағы  Мамыт сарайында араб алфавитімен «Сауат ашу» (ликбез) мектебі ұйымдасқан.Оқыту әдісі-төте оқу. Бұл ликбездің сабақтарын 1928 жылға дейінгі алғашқы ұйымдастырушылардың бірі Қызылордадан келген Әшімов Сматулла болса кейіннен Иляледдинов Низамиддин еді.1929 жылы Ворошилов колхозындағы Түкібай мешітінде тұңғыш жартыншы кластық біржылдық бастауыш мектеп ашылды. 1930 жылы оқитын үйдің жоқтығынан 1-2 клас балалары Сарман мен Асамбек тамында оқыды. 1931 жылы Үкеш бауында алғашқы толық бастауыш мектеп ашылып,меңгерушілігіне Мұсаев төлеген тағайындалып, мұғалімдігін Мұсылманқұлов Қалымбет атқарды. 1932 жылы бастауыш 1-4 кластар жұмыс істегенде Әйтманбетов Әлтай мұғалім болды.Сол жылы мектепте Октябрдің 15 жылдық мерекесі құрметіне «Октябрь» аты берілді.Содан 1934 жылы Үкеш бауындағы бастауыш мектеп «Октябрь» 7 жылдық мектебі болып аталды. 1939 жылы тамыз айына дейін мектеп директорлығында Мұсаев Төлеген жұмыс істеді. 1953 жылдыі 1 қыркүйегінен бұрынғы Үкеш бауындағы төбесі қамыспен жабылған, бөлмелі тар 7 жылдық мектептен орталықтан екі колхоз бірігіп салған төбесі шатырланған жаңа орта мектеп үйіне көшті. Мектеп №54 Октябрь орта мектебіне ірілендірілді. Мектепке теміржол балаларынан және «Келінтөбе», «Талап», «Қаражон» елді мекендерінен балалар келіп оқитын болды.  

    1994 жылы қазан айында  Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша мектепке жерлесіміз көрнекті ақын Жүсіп Қыдыровтың есімі берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив